«Сорбонна-Қазақстан» институты | Алматы

Вы гость | войти | регистрация
Казахстан - Доска объявлений городов Казахстана. Бесплатные частные и коммерческие объявления
Казахстан
найти в объявлениях например, детская коляска в Алматы
дата: 27. июнь 2014 13:06
город: Алматы , Chaikinoi 3a
раздел объявлений: коммерческие
тип объявления: предложение
автор: все объявления
номер объявления: 5620724
количество просмотров: 89
добавить в блокнот (0)
оставить комментарий (0)
пожаловаться

«Сорбонна-Қазақстан» институты


Жуырда Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Париж қаласындағы Сорбонна университетінің (Француз Республикасы) президенті Жан-Ив Мэриндоль мырзаны қабылдап, Қазақстан мен Франция арасындағы білім интеграциясының артуына зор ықылас білдірген болатын. Дәл осы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С.Ж.Пірәлиев пен Жан-Ив Мэриндоль мырза «Сорбонна-Қазақстан» институтын ашу туралы келісімге қол қойды. Біз осы орайда, жаңа ашылған «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Б.Нұрлихинаны әңгімеге тартқан болатынбыз.

Гүлмира Болатқызы! «Сорбонна-Қазақстан» институтының Абай атындағы ҚазҰПУ жанында ашылуы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па?

- Қазақстан бүгінгі таңда университеттердің жаһандық жүйесіне араласып, халықаралық байланыстарды кеңейту және жоғары білім туралы құжаттарды өзара тану үшін алғышарттар қалыптастыру арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді араласып келеді. Қос дипломдық бағдарлама – біздің университеттегі барлық халықаралық бағдарламалардың өзегі. Біз қос дипломды бағдарламаны жоғары білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың жоғарғы шегі ретінде қарастырамыз. Сондықтан, халықаралық магистратураның біздің университеттің жанында ашылуы кездейсоқтық емес, осы бағытта жүргізілген үлкен жұмыстың жемісі.

Институттың ашылуына қандай жағдайлар әсер етті?

- «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев пен Париж қаласындағы Сорбонна университетінің өкілдері үлкен еңбек сіңірді. Өздеріңізге белгілі, халықаралық білім бағдарламалары оқуға қажетті барлық алғышарттары (қаржыландыру көздері, білімгерлерді іріктеу, білім бағдарламасының мазмұны, оқу мерзімі, білім туралы құжаттың түрі мен мәртебесі және т.б.) қарастырылған келісімнің немесе шарттың негізінде екі елдің жоғары оқу орындарындағы тиісті құрылымдық бөлімдерде даярланады. Сондықтан, бұл институттың ашылуын үлкен еңбектің нәтижесі ретінде бағалау қажет деп ойлаймын.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың 17 қыркүйегінде Париж қаласындағы Сорбонна университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында Орталық Азия бойынша тұңғыш рет Сорбоннаның филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылған еді. Сол меморандум сәйкес, 2014 жылдың 30 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының ғимаратындағы Конференц-залда осы жылы қос дипломды екі магистрлік бағдарламасы бар «Сорбонна-Қазақстан» институтын ашу туралы келісімге Париж қаласындағы Сорбонна университетінің Президенті Жан-Ив Мэриндоль мырза мен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиев қол қойды. Осы бір тарихи келісімге қол қою рәсімі өткен күні Қазыбек би көшесінде орналасқан «Сорбонна-Қазақстан» институтының ғимаратында «Ашық есік» күні өткізіліп,

магистрлік бағдарламаларға қызығушылық танытқан талапкерлерге бағыт-бағдар берілді. Бұл институтқа қабылдану үшін ең негізгі шарттың бірі – француз тілін білу болып отыр.

Алда келе жатқан жаңа оқу жылында қандай мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі? Сол мамандықтарды ашудың мақсаты қандай?

- Париж қаласындағы Сорбонна Университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлескен жобасы негізінде ашылған «Сорбонна-Қазақстан» институты «Жаһандану жағдайындағы халықаралық диалог» (6М020200-Халықаралық қатынастар) және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (6М050700-Менеджмент) қос дипломды бағдарламалары бойынша 2014-2015 оқу жылына магистратураға түсуге талапкерлердің құжаттарын қабылдауды маусым-шілде айларында жүзеге асырады. Бұл мамандықтарға қабылданған магистранттар бір мезетте мемлекеттік үлгідегі қос дипломға ие болады. Яғни, екі елде де заңдық мәртебесі бірдей болатын қазақстандық және француз дипломдарының иегері атанады. Мұндай жағдай – мәдениет пен білім саласындағы халықаралық интеграцияны тереңдетіп қана қоймай, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен ұтқырлығын кеңейтеді.

Бағдарламаның мақсаты – өз білімгерлерін қазіргі заман талабына сай білім нәрімен сусындатып қана қоймай, халықаралық қатынастар мен менеджмент саласындағы соңғы ғылыми зерттеулерге баулу және француз тілінде халықаралық деңгейдегі пікірталастарға қатысуға қажетті деңгейге қол жеткізу болып табылмақ. Қос дипломды бағдарламалар өз түлектеріне жаңа кеңістік есігін ашып, қоғамнан өз орнын табуға зор септігін тигізеді.

«Сорбонна-Қазақстан» институтында оқудың, оның бағдарламаларының қандай басымдықтары бар?

- Қазақстанда жүріп бүкіл әлемге әйгілі әрі дипломы Еуропа елдерінде мойындалатын, тарихы төрт-бес ғасырға кететін француз университетінің дипломын алу, Францияға барып ғылыми тағылымдамадан өту – қазақстандық талапкерлерге берілетін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Сонымен қатар, тікелей Франциядан келіп сабақ беретін ұстаздардан дәріс ала отырып, қазақстандықтар үшін таңсық болып отырған француздық ойлау жүйесі мен Еуропадағы үздік әдіснаманы меңгеруге мүмкіндік тумақ. Аталмыш бағдарламалар бойынша берілетін Сорбонна дипломы – оның иегеріне берілетін жаңа мүмкіндік деп ойлаймын.

оставить комментарийоставить комментарий:
Оставлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи или new! автор объявления
войти | регистрация | я - автор

  |


Как автор объявления, Вы можете оставить к своему объявлению комментарий, в котором, например, сможете ответить на уже оставленные к Вашему объявлению вопросы или дополнить Ваше объявлению актуальной информацией

Если это Ваше объявление и Вы разместили его как:
- ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫЙ пользователь, просто войдите в систему и Вы сразу сможете оставить комментарий.
- HEЗАРЕГИСТРИРОВАННЫЙ пользователь, перейдите в раздел "мои объявления" и запросите доступ к поданным Вами объявленим, как там описано. Получив список Ваших объявлений, выберите объявление, к которому Вы хотите оставить комментарий и переходите по ссылке "администрировать". На странице администрирования Вашего объявления Вы увидите ссылку "оставить комментарий".

Важно:
- зарегистрированные и вошедшие в систему пользователи могут оставлять комментарии к ЛЮБЫМ объявлениям, как к своим, так и к других пользователей,
- незарегистрированные пользователи могут оставлять комментарии только к СВОИМ объявлениям.
Поэтому, регистрируйтесь :-)


[х] закрыть окно

Как администрировать моё объявление?



Вы могли разместить объявлениe 1. как ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫЙ пользователь или 2. как НЕЗАРЕГИСТРИРОВАННЫЙ пользователь.
Процессы администрирования (редактировать, удалить, продлить) объявления в зависимости от варианта размещения, отличаются и описаны по ссылкам:

1.1. Как удалить объявлениe, поданное ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫМ пользователем
1.2. Как редактировать объявлениe, поданное ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫМ пользователем

2.1. Как удалить объявлениe, поданное НЕЗАРЕГИСТРИРОВАННЫМ пользователем
2.2. Как редактировать объявлениe, поданное НЕЗАРЕГИСТРИРОВАННЫМ пользователем


[х] закрыть окно

объявления | бесплатные объявления | доска объявлений
\u0420\u0435\u0439\u0442\u0438\u043d\u0433@Mail.ru
⇑ \u041d\u0430\u0432\u0435\u0440\u0445
⇓ \u0412\u043d\u0438\u0437